Қазақстанда сұранысқа сәйкес жылына 56-58 мың тонна элиталық тұқым өндіріледі - ауылшаруашылығы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сұранысқа сәйкес жылына 56-58 мың тонна элиталық тұқым өндіріледі - ауылшаруашылығы министрлігі

Қазақстанда сұранысқа сәйкес жылына 56-58 мың тонна элиталық тұқым өндіріледі - ауылшаруашылығы министрлігі

"Республика бойынша сорт жаңалау мақсатымен элиталық тұқым өндіру және сату көлемі жылына 56-58 мың тонна мөлшерінде тұрақтанды және бұл - сұраныс көлеміне сай". Бұл туралы бүгін, 27-желтоқсанда үкіметтік сағат аясында мәжілісте сөз сөйлеген ҚР ауылшаруашылығы министрі Серік Үмбетов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Желтоқсан 2004
  • 643
Фото - Caravan.kz

«Бидай сапасы мен егілетін тұқым сапасы, сөз жоқ, өзара байланысты. 2003-жылдан бері бүкіл тұқымның егістік сапасы сарапталуда. Егер 2001-жылы егілген сапалы тұқым мөлшері 50 процентті құраса, 2004-жылы бұл көрсеткіш 94 процентке жетті. Арнайы қолданылған шаралардың арқасында репродукциялық тұқымның үлес салмағын 2001-жылғы 46 проценттен 2004-жылы 19 процентке дейін шұғыл азайтуға мүмкіндік жасалды»,- деді министр.

С.Үмбетовтың айтуынша, «мемлекет бірегей тұқым өндірісіне жұмсалатын шығындардың 40 процентін, сонымен бірге отандық ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер сататын элиталық тұқым құнының 40 процентін өтеп берумен бірге, тұқым сапасын тексеру және сорттың ахуалын мемлекет тарапынан қадағалап отыруды жүзеге асыруда».

Перейти к новостям спорта