Қазақстанда сүт кәсіпорындарының қауымдастығы құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сүт кәсіпорындарының қауымдастығы құрылады

Қазақстанда сүт кәсіпорындарының қауымдастығы құрылады

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Маусым аралығында сүт бағасының күрт өсіп кетуіне жол бермей, бағаны тұрақтандыруға ықпал ету үшін Қазақстанда сүт кәсіпорындарының қауымдастығы құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР АШМ құрғақ сүттің мемлекеттік қорын жасақтау тақырыбына арналған брифингте "Мал өнімдері корпорациясы" АҚ басқармаларының төрағасы Асқар Сабанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Қыркүйек 2008
  • 705
Фото - Caravan.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Әлеуметтік маңызы зор тауарлардың бағасын тұрақты ұстау бағдарламасына сәйкес биыл бірінші рет «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ («ҚазАгро» ҰХ» АҚ, ҚР АШМ) құрғақ сүттің мемлекеттік қорын жасақтауға кірісті.

Соңғы кездері елімізде маусым аралығында (қыс-көктем) сүт өнімдерінің бағасының күрт құбылуы жиі байқалып жүр. Осыған байланысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін ҚР Үкіметі құрғақ сүттің мемлекеттік қорын жасау туралы шешім қабылдады. Болжам бойынша 2008 жылы қазақстандықтар 15,0 мың тонна құрғақ сүт тұтынуы мүмкін, оның 5,2 мың тоннасын отандық тауар өндірушілер шығарса, қалған 9,8 мың тоннасы немесе 65 % сырттан әкелінеді. (бұл көрсеткіш 2007 жылы 85 % болды).

Мемлекеттік қорды жасақтау үшін ҚР Үкіметі құрғақ сүттің ішкі нарықтағы сұранысы айына 1500 тонна болады деген есеппен тиісті қаражат бөлді. Қорды жасақтаушы агент болып «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ белгіленді. Бүгінгі күні корпорация өз қаражаты есебінен 1000 тонна құрғақ сүтті ішкі нарықтан сатып алды.

2500 тонна көлеміндегі құрғақ сүт маусым аралығында сүт бағасының күрт өсіп кетуіне жол бермей, бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді деп күтіліп отыр.

Қорға жиналған құрғақ сүт — сүт кәсіпорындары қауымдастығы арқылы бөлінетін болады. Қазір аталған қауымдастықты құру жұмысы жүріп жатыр. Сүт өнеркәсібі мекемелерінің 70% осы қауымдастықтың мүшесі болуға тілек білдірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар