Қазақстанда сүт қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сүт қымбаттады

Қазақстанда сүт қымбаттады

Өткен жылы 2016 жылмен салыстырған сүт өнімдері 14%-ға көп өндірілген

  • 5 Ақпан 2018
  • 153
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда 2016 жылмен салыстырғанда 17,4 процентке қымбаттады, деп хабарлайды Sputnik energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша қазақстандықтарға шикі сүттің литрі орташа 199 теңгеге (17,4%-ға өсті), пастерленген сүт 215 теңгеге (+7,8%) түскен. 

Қаймақ 2017 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8,5%-ға, килограмы 987,8 теңгеге дейін, сүзбе 8,6%-ға, килограмы 1500,8 теңгеге дейін, сыр 9,4%-ға, килограмы 2232,2 теңгеге дейін қымбаттады. 

Сары майдың бағасы бір жылда 11,6%-ға, килограмы 1944,8 теңгеге, спред 5,6%-ға, килограмы 829 теңгеге дейін өсті. 


Сонымен бірге шикі сүттің бағасы жылына 17%, қаймақ, сүзбе және сыр 9%, сары май 12%-ға қымбаттаған.  

Сүт өнімдерін өндірушілер 240,2 миллиард теңгенің (14%-ға көп) тауарын өндірген. Қымыз өндірісі күрт өсті (бірден +46,3%).