Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық баяндама әзірленетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық баяндама әзірленетін болады

Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық баяндама әзірленетін болады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 2246
Фото - Caravan.kz

 Аталған құжат 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны, Елбасы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-і қадамын жүзеге асыруға бағытталады.

Бұл ретте заң жобасының басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру арқылы, қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сонымен бірге, мемлекеттік аппарат пен өзге де салаларда сыбайлас жемқорлықтың көрінуінен туындайтын қатерлерден Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Атап айтқанда, қолданыстағы заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі формальды және тәртіптік сипатта болғандықтан әрі материалдық игіліктер алуды көздемейтіндіктен, заң жобасымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жаңа көріністері енгізіліп отыр. Құжат арқылы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіру жөніндегі өкілеттіктер берілген уәкілетті орган айқындалады.

Заң жобасында «сыбайлас жемқорлық», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат», «сыбайлас жемқорлыққа тәуекел» ұғымдары ашылады. «Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен талдау шаралары қамтылады. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерімен жүргізілетін болады. Ондай мониторинг нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу үшін негіз болып табылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері де жүзеге асыратыны болжанған», — деді депутат Светлана Бычкова.

Айта кетерлігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау шараларының қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық баяндама дайындалып, ол Мемлекет басшысының қарауына енгізілетін болады. Ұлттық баяндама әлемдік және ұлттық деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жай-күйін талдайды және оның даму үдерісін қамтитын маңызды стратегиялық құжатқа айналады. Бұдан бөлек, Ұлттық баяндама анықталған сыбайлас жемқорлықтар туралы және оның жолын кесу мен жою фактілері қамтылады.


Жалпы, Ұлттық баяндама туралы норма Нидерланды мен Сингапур сияқты елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибесіне негізделген. Мәселен, Нидерландыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі рәсімдік және институционалдық шараларды, атап айтқанда Ішкі істер министрінің Парламентке жыл сайын баяндама ұсынуын қамтиды.  

Соңғы жаңалықтар