Қазақстанда Сына жазуы күнін жыл сайын атап өту аса маңызды ұлттық қажеттілік - А. Смайыл - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Сына жазуы күнін жыл сайын атап өту аса маңызды ұлттық қажеттілік - А. Смайыл

Қазақстанда Сына жазуы күнін жыл сайын атап өту аса маңызды ұлттық қажеттілік - А. Смайыл

Руна - сына жазуын мемлекеттік деңгейде қастерлей алмай келеміз. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Алдан Смайыл осылай мәлім етті.

  • 24 Қазан 2012
  • 604
Фото - Caravan.kz

Депутаттың айтуынша, әлемдік өркениеттің ұлы мұрасы саналатын түркі жұртының көне жазу үлгілері терең зерттелгенімен, мемлекеттік деңгейде құрметтелмей отыр. «Руна немесе сына жазуының күнін жыл сайын өткізіп тұру жөніндегі ұсынысымыз Үкіметтің тарапынан осыдан үш жыл бұрын құпталды, алайда жүзеге асырылған жоқ», — дейді ол.

Алдан Смайылдың айтуынша, талай жылдардан бері Ресей, басқа да сол тектес мемлекеттер Славян жазуының күнін бүкілхалықтық ауқымда атап өтуде. Жай ғана атамай, әлемге славян мәдениетінің ұлылығын дәлелдеуді осылай дәстүрге айналдыруда. Армян халқы әлі күнге қолданыстағы көне әліп-биінің әр әрпін алтыннан құйып, шіркеуде сақтап отыр.

«Ал біз ше? Кириллицадан да көне, кейбір білікті түркологтар анықтағанындай, грек-славян әліп-биіне негіз болған руна — сына жазуын мемлекеттік деңгейде қастерлей алмай келеміз. Оны мектептен оқып — білу де терең ойластырылмаған. Мұндай самарқаулық — рухани саладағы елеулі олқылық. Қазақстан Республикасында Сына жазуы күнін жыл сайын атап өту аса маңызды ұлттық қажеттілік. Біз осыған қол жеткізіп, содан кейін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы жөніндегі кеңес, Халықаралық Түркі академиясы, ТҮРКСОЙ секілді беделді ұйымдар мен ғылыми орталықтар арқылы бүкіл түркі жұртының бірігіп өткізуіне ұйтқы болсақ, төл әліп-биіміздің, Руна-сына жазуының әлемдік маңызы арта түсер еді. Сізден осыған ерекше мән беруді және солай болуына ықпал етуді өтінеміз», — деді Алдан Смайыл.

Соңғы жаңалықтар