Қазақстанда тағы бір ұлттық-патриоттық қозғалыс құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тағы бір ұлттық-патриоттық қозғалыс құрылды

Қазақстанда тағы бір ұлттық-патриоттық қозғалыс құрылды

Қазақстанда "Ұлт тағдыры- ел тағдыры" атты тағы бір ұлттық-патриоттық қозғалыс құрылды. Бұл туралы бүгін, 3-қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қозғалыстың жетекшісі Болатхан Тайжан мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Қазан 2005
  • 538
Фото - Caravan.kz



Қозғалыс бастамашыларның пікірінше, «ұлттың, халықтың өзекті проблемаларын» шешпейінше, «мемлекеттің тұрақтылығын» қамтамасыз ету мүмкін емес. Б.Тайжанның айтуынша, бірінші кезекте «Қазақстан азаматтары біте қайнасып бірігуге тиіс». Ол үшін, оның айтуынша, «мемлекет құрушы халықтың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрлері мен тарихын жұртшылық жаппай білетіндей жағдайға қол жеткізу керек».
Қозғалыс алдағы президент сайлауына байланысты құрылған жоқ , дейді бастамашылар. «Біз қозғалысты президент сайлауына орай немесе оған қарсы құрып отырған жоқпыз, біз біз болашақты ойладық»,- дейді қозғалыс төралқасының төрағасы Сабыржан Махметов. Сонымен бірге қозғалыс мүшелері президенттіктен үміткерлердің ешқайсысын қолдамайтынын мәлімдеді. «Біздің мақсат-мұраттарымыз бұлардың бәрінен биік»,- деді қозғалыс төрағасының орынбасары Кенесары Қаптағаев.
Бұған дейін «Ұлт тағдыры» деп аталатын ұлттық-патриоттық қозғалыстың құрылғаны туралы тағы бір бастамашы топ мәлімдеген болатын. Бұл бірлестіктің мүшелері 1905-жылғы Қарқаралы петициясын іс-қызметінің негізі етіп алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта