Қазақстанда тағы мемлекеттік екі телеарна ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тағы мемлекеттік екі телеарна ашылады

Қазақстанда тағы мемлекеттік екі телеарна ашылады

Министрдің айтуынша, жаңа арнаның бірі ­– бай мәдени мұрамызды кеңінен насихаттаса, екіншісі – білім беру мен ағарту саласына басымдық береді

  • 29 Маусым 2020
  • 32
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда "Абай ТВ" және "Әл-Фараби" деп аталатын екі мемлекеттік арна ашылады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап

Министрдің айтуынша, "Абай ТВ" телеарнасы "Qazaqstan" ТРК-сына кіреді және 30 маусымда ресми түрде жұмыс істей бастайды.

"Жаңа арна бай мәдени мұрамызға арналатын болады. Ал екінші тележоба – "Әл-Фараби" арнасы "Хабар" агенттігінің жанынан жаңа оқу жылына қарай ашылады", – деді Балаева бүгін онлайн форматта өткен халыққа есеп беру кездесуінде.


Оның сөзіне қарағанда, "Әл-Фараби" арнасының негізгі мақсаты – білім беру мен ағарту. Ал аудиториясы 6-18 жастағы балалар мен жасөспірімдер болады.