Қазақстанда тамыздың әр үшінші жексенбісінде дене шынықтыру саласы мамандарының кәсіби мерекесі - Спорт күні аталып өтіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тамыздың әр үшінші жексенбісінде дене шынықтыру саласы мамандарының кәсіби мерекесі - Спорт күні аталып өтіледі

Қазақстанда тамыздың әр үшінші жексенбісінде дене шынықтыру саласы мамандарының кәсіби мерекесі - Спорт күні аталып өтіледі

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы» 1998 жылғы, қаңтардың 20-сындағы №3827 Жарлығына сәйкес тамыздың әрбір үшінші жексенбісі дене шынықтыру саласы мамандарының кәсіби мерекесі - Спорт күні болып аталып өтіледі. 2010 жылы бұл күн тамыздың 15-іне келіп отыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 12 Тамыз 2010
  • 1035
Фото - Caravan.kz

Халық денсаулығының өзектілігі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауында аталып өтіліп, 2020 жылға қарай елдегі халық арасында бұқаралық спортпен айналысатын қазақстандықтардың үлесін 30 пайызға жеткізу мақсаты қойылған болатын.

ҚР Туризм және спорт министрлігі мен барлық деңгейдегі әкімдіктер бұқаралық спортты дамыту және біздің елдегі дене шынықтырумен айналысатын халықтың санын арттыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды белгіледі.

Қазақстанда 30 330 спорт мекемелері есепте тұр. 234 мың балалар мен жасөспірімдер спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің саны 425-ке дейін жетті. Республикада 4 мыңнан астам спортшылар жаттығатын спортта дарынды балаларға арналған 15 мектеп-интернаттар жұмыс істейді. Қазақстанның барлық аймақтарында жыл сайын 18 мың спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Қазақстанда тұратын 16 мың халықтың ішінен 2,5 млн. адам жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысатындар мен спортшылар болып табылады, бұл барлық халықтың 16 пайызын құрайды. Статистикаға сүйенсек, бұқаралық спортпен белсенді айналысатын аймақтар қатарына Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстары мен Алматы қаласы жатады.

Астанадағы Спорт күні елордалық спорт ұйымдарының ішінара өткізген спорттық шараларының, қала қонақтары мен тұрғындары үшін демалыс ұйымдастырған ұйымдардың жұмысының дәстүрлі қорытындысы болмақ. Және де биыл Спорт мерекесі бір күн ғана өтетін, уақытша акция болып қалмайды. Барлық акциялар Астанадағы Спорт күніне арналған Спорттық-бұқаралық шаралардың бағдарламасында тізімделген және де тамыздың 10-ы мен 15-і аралығында әртүрлі спорт алаңдарында өтетін болады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар мен олардың қай жерлерде өтетіні туралы ақпаратты Астанадағы Спорт күніне арналған Спорттық-бұқаралық бағдарламадан және 55-67-53, 41-69-50, 41-72-72, 8 705 321 18 88 байланыс телефондарына хабарласу арқылы білуге болады.