Қазақстанда таяу күндерде банктерді қайта капиталдандыру бағдарламасы аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда таяу күндерде банктерді қайта капиталдандыру бағдарламасы аяқталады

Қазақстанда таяу күндерде банктерді қайта капиталдандыру бағдарламасы аяқталады

Астана. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда таяу күндерде банктерді қайта капиталдандыру бағдарламасы аяқталады. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте өткен селекторлық кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Қараша 2008
  • 462
Фото - Caravan.kz

«Меніңше, банктерді қайта капиталдандыру бағдарламасы алдағы екі-үш күнде аяқталады. Үкімет пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына банктерді қайта капиталдандыру мәселелері бойынша Credit Swiss және JP Morgan банктері кеңес беруде. Credit Swiss банкі осы мәселе бойынша Ұлыбритания үкіметінің кеңесшісі, ал JP Morgan — АҚШ қаржы министрлігінің кеңесшісі екенін ескерсек, біз бұл бағдарламаға бүгінгі күнге дейін осы мәселелер бойынша әлемде жинақталған ең таңдаулы халықаралық тәжірибені енгіздік»,- деді Кәрім Мәсімов.

Үкімет басшысы ағымдағы жылдың 1 қарашасында Стресс активтері қорын құру туралы үкіметтің қаулысына қол қойылғанын еске салды. Оның айтуынша, өткен демалыс күндері Қазақстан үкіметінің Стресс активтері қорын құру жөніндегі кеңесшісі рөлін City Bank атқаратындығы туралы уағдаластық жасалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар