Қазақстанда таяу уақыттарда IT-қызметтеріне деген сұраныс өседі - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда таяу уақыттарда IT-қызметтеріне деген сұраныс өседі - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

Қазақстанда таяу уақыттарда IT-қызметтеріне деген сұраныс өседі - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда таяу уақыттарда IT-қызметтеріне деген сұраныс өседі. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі ұйымдастырған ІІІ халықаралық конференцияда агенттік төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Қараша 2008
  • 331
Фото - Caravan.kz

«Ақпараттандыру саласы дамып келеді, қарқынды сақтап отыр, бұл қарқынды елімізде бар салалар көрсетіп отыр, олар расында да сұранысқа ие. Біздің IT-қызметтеріміге деген сұраныс та бар. Алдағы уақытта бұл сұраныс өсе түседі деп ойлаймын «, — деді Қ. Есекеев.

Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Ерлан Дүрмағамбетовтың айтуынша, «біз ағымдағы жылдың аяғына дейін үш электронды мемлекеттік органды тәжірибе жүзінде пайдалануға беруге тиіспіз. Бұл жүйе электронды үкіметті құрудың бірінші кезеңі аясында құрылған инфрақұрылымды толық пайдалы жаратады», — деді ол.

Ерлан Дүрмағамбетовтың айтуынша, «елімізде қазір тіпті өзіндік IT-бөлімшелері жоқ мемлекеттік органдар бар. Біз оларға жұмысты қарапайым электронды құжаттан бастауды ұсынып отырмыз «.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007 — 2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2007 жылы 780 295 адам (5,2%) компьютерлік сауатын ашып, сертификат алды. Ал 2008 жылдың 1 қазанындағы жағдаймен 552 120 адам (3,6%) оқып шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар