Қазақстанда темекі акциздерін арттыру ұсынылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда темекі акциздерін арттыру ұсынылып отыр

Қазақстанда темекі акциздерін арттыру ұсынылып отыр

Қазақстан қоғамдық ұйымдары келесі жылдан бастап темекі өнімдеріне акциздерді көбейтуді ұсынып отыр.

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 553
Фото - Caravan.kz


"Біз темекідегі акциз үлесін 49% жеткізуді ұсынамыз. Сонда орташа алғанда бір қорап темекінің құны 400 теңге болмақ, акциздік алымдар 184 млрд теңгеге дейін артпақ, бұл қазір мемлекет алып отырған пайдадан 2,5 есеге көп және де біз 54 мың қазақстандықтың өмірін сақтап қаламыз», деді Алматыда сейсенбіде баспасөз мәслихатында «Темекі түтінінен таза Қазақстанды қолдаймыз» ұлттық коалиция басшысы Жәмилә Садықова .
Қазіріг уақытта Қазақстанда темекі қорабындағы акциздің үлесі 25%.
Сонымен қатар олар акциздер туралы келісімшарттарды дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамына денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігін қосуды ұсынып отыр.
Ондай ұсынысты елдің премьер –министрі Кәрім Мәсімовке «Темекі түтінінен таза Қазақстанды қолдаймыз» ұлттық коалициясы, Қазақстан кардиологтары қауымдастығы, «Бірігіп обырға қарсы күресейік» қоры жасап отыр.
Ж.Садықова еске салып өткендей, 2014 жылы қаңтарда темекі акциздері бірден 94 пайызға көтерілгенде бюджетке түскен ақша 2 есеге артқан. Темекі акциздерінен түскен табыс 2013 жылғы 46 млрд теңгеден 2014 жылы 79 млрд теңгеге дейін өсті, ал жылдық сатылым 3 млрд данаға төмендеген болатын.
Оның айтуынша, алкоголь өнімдеріне де акциз мөлшерлемесі елеулі арттырылған кезде сондай жағдай болған. 2014 жылы ішімдіктің акцизі 2 есеге артты, бюджетке түскен ақша 2013 жылғы 13 млрд теңгеден 2014 жылы 22 млрд теңгеге дейін жетті. 2011 жылы сыра акцизінің мөлшерлемесі 70% артқан: одан бюджетке түскен ақша 2010 жылғы 7 млрд теңгеден 2011 жылы 12 млрд теңгеге дейін жетті.

Соңғы жаңалықтар