«Бұл өте үлкен мәселе. Астанада бір партизандық жарнаманы байқап қалдық, түнде мейрамханаға келгендер үшін темекі өнімдері еркін жарнамаланған. Оның үстіне оларға әр түрлі дискілер, карточкалар, бонустар таратылды», деді ол сейсенбіде Астанада темекіге қарсы заңды жетілдіру мәселелеріне арналған стол басындағы әңгіме барысында.
Д.Садықова еске салып өткендей, Қазақстанда заңға орай темекі жарнамасына толық тыйым салынған. «Алайда оның жарнамасынан аяқ алып жүре алмайсың», деді ол.
Оның айтуынша, бұл салада бақылау жасау әкімшіліктерге жүктелген, бірақ әкімшіліктерде бұл қызметті жүзеге асыруға кадрлар жетіспейді.
«Бұл норманы ІІД жүктеген орынды сияқты», деді ол осы орайда.
Сонымен қатар Д.Садықова ондай акциялар үшін темекі компанияларына салынатын айыппұлды 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды ұсынды.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр