Қазақстанда темекі өнімдерін "партизандық жолмен" жарнамалау әдісі кең қанат жайып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда темекі өнімдерін "партизандық жолмен" жарнамалау әдісі кең қанат жайып отыр

Қазақстанда темекі өнімдерін "партизандық жолмен" жарнамалау әдісі кең қанат жайып отыр

Қазақстанда көңіл көтеруге арналған орындарда жарналамау акцияларын жүргізгендігі үшін темекі компанияларына салынатын айыппұлды көбейту керек, деп санайды "Темекіден таза Қазақстан үшін" ұлттық коалициясының директоры Жәмилә Садықова.

  • 6 Қараша 2012
  • 466
Фото - Caravan.kz

«Бұл өте үлкен мәселе. Астанада бір партизандық жарнаманы байқап қалдық, түнде мейрамханаға келгендер үшін темекі өнімдері еркін жарнамаланған. Оның үстіне оларға әр түрлі дискілер, карточкалар, бонустар таратылды», деді ол сейсенбіде Астанада темекіге қарсы заңды жетілдіру мәселелеріне арналған стол басындағы әңгіме барысында.

Д.Садықова еске салып өткендей, Қазақстанда заңға орай темекі жарнамасына толық тыйым салынған. «Алайда оның жарнамасынан аяқ алып жүре алмайсың», деді ол.
Оның айтуынша, бұл салада бақылау жасау әкімшіліктерге жүктелген, бірақ әкімшіліктерде бұл қызметті жүзеге асыруға кадрлар жетіспейді.
«Бұл норманы ІІД жүктеген орынды сияқты», деді ол осы орайда.
Сонымен қатар Д.Садықова ондай акциялар үшін темекі компанияларына салынатын айыппұлды 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар