Жарияланды: 510

Қазақстанда тіркелген көліктер саны қараша айында 13,8%-ға азайды

Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктер саны 2012 жылдың қарашасында 48 мың 842 бірлікті құрады, бұл қазан айындағыдан 13,8%-ға кем, деп статистикалық агенттік мәлімдеді.

Қараша айында тіркелген жеңіл көліктердің басым бөлігінің шыққан мерзімі 10 жылдан асады (29 933 бірлік). Одан кейін үш жылдан астам уақыт бұрын (9 773) және 3-7 жыл бұрын (5 136) шыққан көліктер. Қазақстанда 2012 жылдың 1 желтоқсанына шаққанда барлығы 3 млн 657 мың жеңіл көлік тіркелген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін