Қазақстанда ТМД Сыртқы істер министрлері Кеңесі мен мемлекет басшылары Кеңесінің отырыстары өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ТМД Сыртқы істер министрлері Кеңесі мен мемлекет басшылары Кеңесінің отырыстары өтеді

Қазақстанда ТМД Сыртқы істер министрлері Кеңесі мен мемлекет басшылары Кеңесінің отырыстары өтеді

15-16 қазан күндері Қазақстан Республикасының Бурабай кентінде ТМД Сыртқы істер министрлері Кеңесі мен мемлекет басшылары Кеңесінің отырыстары өтеді.

  • 8 Қазан 2015
  • 375
Фото - Caravan.kz

Достастықтың Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің қарауына алдағы атаулы даталар — БҰҰ-ның құрылуының 70 жылдығы және Чернобыль апатының 30 жылдығына арналған құжаттардың жобалары ұсынылады. Бұдан басқа, мемлекет басшылары көші-қон, қылмыспен күрес, мәдениет, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, шекараларды қорғау саласындағы ынтымақтастықты реттеуші құжаттарды қабылдап, сондай-ақ әскери салада өзара ықпалдастықты дамытуға қатысты мәселелерді қарастырады.

Құжаттардың бір бөлігі Астанада Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында алдын ала талқыланады. Бұдан бөлек, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары ТМД-ның 25 жылдығын мерекелеу бойынша шаралар жоспарларын талқылап, алдағы уақытта халықаралық жастар ынтымақтастығы мен денешынықтыру және спортты дамыту, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық агенттіктер басшылары кеңесінің қызметін және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымдарын құру және қызмет атқару мәселелерін ортаға салады.


Соңғы жаңалықтар