Қазақстанда төтенше жағдай қайта енгізілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда төтенше жағдай қайта енгізілуі мүмкін

Қазақстанда төтенше жағдай қайта енгізілуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой БАҚ өкілдерінің «Қазақстанда төтенше жағдай режимі қайта енгізілуі мүмкін бе?» деген сауалына жауап берді.

  • 14 Қазан 2020
  • 77
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«Мұның бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер жағдай қиындаса, енгізілуі мүмкін. Бірақ біз қызметкерлеріміздің жұмысы мен азаматтарымыздың қауіпсіздік шараларын сақтауы арқасында Қазақстандағы эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтаймыз деп үміттенеміз. Әрбір азамат жаппай шаралар ұйымдастырмай, қашықтықты сақтап, маска тағып, халықты қорғауға атсалысса, онда біз карантинді айналып өтуіміз мүмкін», — деді Цой.

Сонымен қатар, министр Нұр-Сұлтан қаласында қосымша шектеу шаралары енгізілгеніне қатысты да жауап берді. 


«Бұл қаланы толық жабу емес, көліктер жүреді, дүкендер жұмыс істейді. Мұны дұрыс түсінуіміз керек. Егер біз ауру жұқтырғандар саны көбейгенін байқасақ, онда әрбір өңір жағдай тұрақталғанға дейін жеке әрекет етеді. Кейін жағдай дұрысталған соң карантин талабын жеңілдетеді», — деді Алексей Цой.

Айта кетейік, Қазақстанда пандемия басталғалы 108 984 адам коровирус жұқтырды. 104 346 науқас жазылып, 1 768 адам індеттен қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар