Қазақстанда трансгендерлік трендке айналып бара ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда трансгендерлік трендке айналып бара ма?

Қазақстанда трансгендерлік трендке айналып бара ма?

Алматыда 10 адам жынысын ауыстырған екен. Қазақстанда трансгендерлік трендке айналып бара ма?

  • 9 Қаңтар 2020
  • 82
Фото - Caravan.kz

Мінезсіз ұл, қылықсыз қыз. Қазақ қоғамында трансгендерлер қайдан пайда болды?

«Қазақ қоғамында трансгендерлер қайдан болды» деген сауалдың жауабын «Түркістан» газеті іздеді. Алматы қалалық Әділет департаментінің дерегіне сүйенсек, 2017 жылдан бері оңтүстік астанада 10 адам жыныс ауыстыруына байланысты жаңа куәлік алған. Соның ішінде төртеуі жынысын еркектен әйелге ауыстырса, алтауы керісінше, әйелден еркекке «айналған». Бұл бір ғана Алматының көрсеткіші.

Қазақы дүниетаным бойынша жыныс ауыстыру азғындықтың көрінісі саналады. Еркектің әйелге, әйелдің еркекке айналуын дініміз де құптамайды. Ежелден ата-бабамыз жүрген салт-дәстүрден алшақ кетіп көрмеген қазақ үшін трансгендерге ортадан орын беру оңай көндігетін шаруа емес, алайда заңымыз рұқсат етіп тұрса, көнбеске шара бар ма?» делінген республикалық басылымда. Сөйтсе, 2009 жылдан бастап Қазақстанда жыныс ауыстыру заңдастырылған екен. «Қазақстан Республикасы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодекстің 88-бабында «Психикасының бұзылуы бар адамдардан басқа жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамның жынысын ауыстыруға құқығы бар» делінген. Осылайша, жынысын ауыстырған талай трансгендер қоғам қарсылығына 88-бапты қалқан етері сөзсіз. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Қазақстанда жыныс ауыстыру операциясын жүргізу бойынша лицензиялаудың жеке түрі жоқ. Бұл операция жалпы пластикалық хирургия және урология шеңберінде жүргізіледі. Құны 1 млн теңгеден басталып, 3 млн теңгеге дейін барады.

«Отаныңның тірегісің, отбасыңның қорғанысың» деп тәрбиелеп, санасына еркектік мінезді кішкентайынан сіңіре беру керек. Жастайынан күрес, бокс секілді үйірмелерге беріп, тұлға ретінде қалыптасуына жол ашу қажет. Ал қыз баланы еркекшора қылмай, 8-9 жасынан нәзіктікке, биязылық пен ибалыққа баулығанымыз жөн. Шашын өсіріп, сырға тағып, үйдің шаруасына бейімдеудің өзі оның ертеңгі күні жақсы жар, ардақты ана болып қалыптасуына жол ашатыны анық. Әр отбасында әкенің рөлі мен беделі, балаларды тәрбиелеудегі орны жоғары болуы тиіс. Еркектік намысы бар ұл, табиғатына сай тәрбиеленген нәзік қыз бөтен ойға жол бермесі анық».