Жоба бойынша ұзындығы 4 мың шақырымды құрайтын темір жол желісін тарту көзделген. Оның 3 мыңдай шақырымы Қазақстан аумағы арқылы өтеді (Мойынты, Қызылжар, Жезқазған, Сексеуілді және Бейнеу бекеттері арқылы Достық өткелегі мен Алашанькоуды жалғастырады). Бұдан әрі темір жол желісі Түрікменстан арқылы Иранға жетеді.
Қ.Нағмановтың айтуынша, алдын-ала есепке сәйкес бұл желі арқылы Қытайдың шығыс жағалауындағы Ляньюньгань айлағынан тиелген жүк Голландияның Роттердам айлағына 13 тәулікте жетеді.
Жоба қазіргі жағдаймен Қытай, Түрікменстан, Иран, Түркия елдері көлік әкімшіліктерінің қолдауына ие болды. Олар жобаны тараптар концессия негізінде қаржыландыруы тиіс деген шарт қойып отыр, деді министр.