Қазақстанда тұмауға шалдыққандардың саны 18 пайызға азайды
Биыл Қазақстанда тұмаумен ауыратындардың саны 18 пайызға азайып отыр. |
Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.
Оның хабарлауынша, өткен жылдың қазан айынан бастап республика бойынша жедел респираторлық вирустық инфекцияларға (ЖРВИ) шалдыққан 328 мыңнан астам адам тіркелді. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында маусымдық тұмауға душар болған 9 адам анықталды. «Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда, осы жолы жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаумен ауырғандардың саны 18 пайызға азайып отыр», - дейді ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.Бекшин.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін республика бойынша 1,3 млн. адамға тұмауға қарсы вакцина егілді. Олардың ішінде 75 мың жүкті әйел бар. Оларға вакцина егілгеннен кейін ешқандай асқынулар тіркелген жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін