Қазақстанда тұңғыш рет адамдардың теңдігіне қол сұққан адам жазаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тұңғыш рет адамдардың теңдігіне қол сұққан адам жазаланды

Қазақстанда тұңғыш рет адамдардың теңдігіне қол сұққан адам жазаланды

Павлодар қалалық соты спорттық би мектебінің жаттықтырушысын ҚР қылмыстық кодексінің адамдардың теңдігіне қол сұғу жөніндегі 141-бабы бойынша екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар қалалық сотының өкілдері хабарлады.

  • 27 Мамыр 2005
  • 441
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, спорттық би мектебінің жаттықтырушысының үстінен қылмыстық істі прокуратура 2004-жылы қозғаған. Спорттық биден оның қол астында жаттығып жүрген балалардың ата-аналары мұғалімнің біраз уақыттан бері сабақта діни терминологияны қолданып, діни уағыз жүргізе бастағанын хабарлаған. Ол өзі мүшелікке өткен «Церковь Благодать» атты діни бірлестікке бірнеше баланы тарту салдарынан олардың мінез-құлқында өзгерістер пайда болып, бұған дейін қызыға қатысатын сабақтарына селқос қарай бастайды. Соның салдарынан бірнеше жасөспірімге психологиялық көмек көрсетуге тура келді. Сабақта діни теминологияны қолданбау туралы ата-аналардың талабынан кейін жаттықтырушы балаларды баулудан бас тартады. Ата-аналардың айтуынша, мұғалімнің кәсіби біліктілігі жоғары, ол баулыған балар спорттық би жарыстарында жоғары табыстарға қол жеткізіп жүрген.

Сөйтіп сот мемлекеттік айыптаушының талабын қанағаттандырып, спорттық би мектебінің жаттықтырушысын екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сот бұл жерде оқытушыға жұмыс орны мен мектептен берілген оң сипаттама, кәселеттік жасқа жетпеген балаларды асыруы тәрізді жайттарға мән берді. Сонымен бірге мұғалім үш жыл мерзімге кәсіби қызметімен айналысу құқығынан айрылды. Оған себеп, ол басқаратын спорттық би клубының жұмысынан бірқатар кемшіліктердің беті ашылған.
Қалалық соттың шешіміне қарсы жоғарғы сатылы сотқа шағымдануға болады.
Бұл іс бойынша мемлекеттік айыптаушы — Павлодар облыстық прокуратурасының өкілі Жантемір Шакиевтің айтуынша, ҚР қылмыстық кодексінің адамдардың теңдігіне қол сұғу жөніндегі 141-бабы елімізде алғаш рет қолданылып отыр. Павлодар қалалық соты өкілдерінің айтуына қарағанда, «Церковь Благодать» діни бірлестігінің іс-қызметіне Ресейде тыйым салынған. Ал Қазақстанда ол жұмыс істейді.

Перейти к новостям спорта