Қазақстанда тұңғыш рет Павлодарлық оқушы Токио қаласында өткен математика пәнінен халықаралық олимпиадада алтын медальға ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тұңғыш рет Павлодарлық оқушы Токио қаласында өткен математика пәнінен халықаралық олимпиадада алтын медальға ие болды

Қазақстанда тұңғыш рет Павлодарлық оқушы Токио қаласында өткен математика пәнінен халықаралық олимпиадада алтын медальға ие болды

Қазақстан тарихында тұңғыш рет Павлодардағы №8 лицейдің 10-сынып оқушысы Қуат Есенов биыл Токио қаласында өткен математика пәнінен халықаралық олимпиадада алтын жүлдеге ие болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне дарынды балалармен жұмыс жөніндегі "Ертіс Дарыны" Павлодар аймақтық орталығынан хабарлады.

  • 22 Шiлде 2003
  • 2726
Фото - Caravan.kz

Бұл Қ.Есеновтың халықаралық байқаулардағы алғашқы табысы емес. Былтыр ол Шотландияда өткен математика пәнінен халықаралық олимпиадада екінші орынға табан тіреген. Сондай-ақ, 2002-жылы АҚШ-та өткен ғылым және техника жөніндегі Дүниежүзілік көрмеде Қуат Есенов өзінің «Тетраэдрдің таңғажайып нүктелері » атты ғылыми жобасымен үшінші орынға көтерілді.

Биыл Павлодардағы №8 лицейдің тағы да екі оқушысы тамыз айында Америка Құрама Штаттарында өтетін информатика пәнінен халықаралық олимпиадада Қазақстанның намысын қорғайды.
№8 лицей — Павлодардағы ең озық оқу орындарының бірі. Соңғы 10 жылда 490 лицей түлегінің 487-сі жоғары оқу орындарына түскен. Олардың арасында Мәскеудегі Бауман атындағы жоғары техникалық университеті сынды жетекші Ресейлік жоғары оқу орындары мен Қазақстандағы озық білім беру мекемелеріне оқуға түскендер бар.

Соңғы жаңалықтар