Жарияланды: 600

Қазақстанда тұңғыш рет жол апаттарының құрбандарын еске алу күні өткізіледі

Астана. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда тұңғыш рет жол апаттарының құрбандарын еске алу күні өткізіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"16 қарашада еліміз бойынша жаппай тұңғыш рет "Ұмытпа, ойлан!" деген ұрнан астында қоғамдық іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Өйткені, 16 қараша - Бүкіләлемдік жол апаттарының құрбандарын еске алу күні болып табылады ", - деді Б. Қожахметов. Оның айтуынша, "жол апаттарының құрбандарын еске алу күні жол полициясы комитеті жүргізушілерге науқанды қолдау мақсатында өз көліктерінің жақын жарығын жағып, 16 қараша күні тал түсте көліктің дыбыс жүйесін қосу арқылы жол апаттарының құрбандарын еске алуды ұсынады". Сондай-ақ, Б.Қожахметовтың айтуынша, жағдайды тұрақтандыру және жол апаттарының алдын алу, сондай-ақ, олардың залал-зардабын азайту мақсатында ҚР ІІМ бүгіннен бастап 20 қарашаға дейін "Қауіпсіз жол" жалпыреспубликалық жедел алдын алу шарасын өткізеді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін