Қазақстанда түнгі уақытта жүйесіз автобус тасымалдарына тыйым салу ұсынылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда түнгі уақытта жүйесіз автобус тасымалдарына тыйым салу ұсынылуда

Қазақстанда түнгі уақытта жүйесіз автобус тасымалдарына тыйым салу ұсынылуда

ІІМ жол полициясы комитеті көлікпен жолаушылар тасымалдау қауіпсіздігін арттыруға бағытталған қазіргі заңдарға бірқатар өзгерістер әзірледі, деп жол полициясы комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 15 Сәуiр 2013
  • 416
Фото - Caravan.kz

ІІМ бүгін таратқан хабарламаға сәйкес, қазір мәжілістің қарауында жатқан «Жол қозғалысы туралы» заң жобасында түнгі уақытта (сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін) қалааралық, облысаралық, ауданаралық және халықаралық қатынастағы автобустармен және шағын автобустармен жолаушылар мен жүктерді жүйесіз тасымалдауға тыйым салу ұсынылған.

Жол полициясы комитетінің мәлімдеуінше, ауыр жағдайға душар етіп жататын жол апаты көбінесе халықаралық және республикалық тұрғыдағы жолдарда түнгі уақытта жүк және жолаушылар тасымалдайтын көліктердің кесірінен болып жатады.
Мәселен, 2012 жылы республика жолдарында жол апатының әрбір төртіншісі түнгі уақытта тіркелген. Мұндай жол апаттары салдарынан мыңнан астам адам қайтыс болып, шамамен 4,3 мыңы жарақат алған.
Мұнымен қоса, аталмыш заң жобасы жүргізуші отыратын орыннан басқа сегізден астам орынды көлік құралын жүргізуге рұқсат беретін куәлік алуға жүргізуші жасын 23 жасқа дейін (қазіргі кезде «Д» санатты жүргізуші куәлігін 21 жастан алуға болады)
арттыру қаралған, сонымен қатар жүргізушілік еңбек өтілі 5 жылға жетуі керек.
Жолаушылар, қауіпті жүктер тасымалдайтын көлік жүргізушілерінің міндетті медициналық тексеруден өту мерзімін әрбір үш жыл сайын, ал елуге толғандарды жыл сайын өткізуді белгілеу ұсынылған.

Перейти к новостям спорта