Қазақстанда тұрғын үй иелерінен қарыздарды өндіріп алу процедуралары жеңілдетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тұрғын үй иелерінен қарыздарды өндіріп алу процедуралары жеңілдетіледі

Қазақстанда тұрғын үй иелерінен қарыздарды өндіріп алу процедуралары жеңілдетіледі

Қазақстанда Пәтер иелері кооперативтерінің алдында борыштары бар тұрғын үй иелерінен қарыздарды өндіріп алу процедуралары жеңілдетілуде. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі департаментінің директоры Василий Маслов айтты.

  • 28 Маусым 2011
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Өткен жылы Қазақстанда ПИК-тердің талабы бойынша, шатырлар мен жертөлелердің жөндеу жұмыстары үшін ақша төлемейтіндерден 350 млн. теңге өндіріліп алынды», — деді В.Маслов. Оның айтуынша, өндіріп алынған сома алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есеге көп.

Онымен бірге, егер бұған дейін борыштар бойынша сот отырыстары 5-6 айға, тіпті одан да көп уақытқа созылып келсе, енді шешімдер соттың бір жақты қарауымен қабылданады. «Жаңа заңмен («Тұрғын үй қатынастары туралы») біз сот отырыстарынан алшақтап, сот бұйрықтары процедурасына көшетін боламыз. Судья қажетті құжаттар пакетін алғаннан кейін, тыңдау үшін тараптарды отырысқа шақырмайды. Өзі бұйрық шығарып, орындаушыға тапсырады. Процесс 2-3 аптаға ғана созылатын болады. Заңға енгізілетін өзгертулер қазір Мәжілісте қаралуда», — деді В.Маслов.

Агенттік өкілі атап көрсеткендей, пәтер иелері тұрғын үйді жөндеуге кеткен шығындар үшін төлемдерді үш ай кешіктірсе, ПИК иелері оларды сотқа бере алады. «Жалпы Қазақстанда тұрғындардың 10 пайызы борышкерлер болып саналады», -деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар