Қазақстанда тұрғындардың кейбір ауру түрлеріне шалдығу көрсеткіші төмендеу ағымы байқалды - ҚР денсаулық сақтау министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тұрғындардың кейбір ауру түрлеріне шалдығу көрсеткіші төмендеу ағымы байқалды - ҚР денсаулық сақтау министрі

Қазақстанда тұрғындардың кейбір ауру түрлеріне шалдығу көрсеткіші төмендеу ағымы байқалды - ҚР денсаулық сақтау министрі

Қазақстанда тұрғындардың кейбір ауру түрлеріне шалдығу көрсеткіші төмендеу ағымы байқалды. Бұл туралы бүгін, 12-ақпанда ҚР денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталмыш мекеме басшысы Жақсылық Досқалиев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Ақпан 2004
  • 1171
Фото - Caravan.kz

Ж.Досқалиевтың айтуынша, тұрғындардың құрт ауруы, қатерлі ісік және басқа да ауру түрлеріне шалдығу көрсеткіші төмендеді. Министр ортаға салған мәліметке жүгінсек, құрт ауруына шалдығу көрсеткіші әрбір 100 мың адамға шаққанда 2003-жылы 161 оқиғаны құраса, 2002-жылы бұл көрсеткіш 165,1 болған. Өткен жылы құрт ауруымен күрес мекемелерінде диспансерлік тіркеуде тұрған науқастар саны 72,3 мың болса, оның 584-і тергеу абақтыларында, 6,2 мыңы түрмелерде тіркелген.

Мерез індетіне шалдығу көрсеткіші әрбір 100 мың адамға шаққанда 2002-жылы 123,2 жағдайды, 2003-жылы 92,4 жағдайды құраған.
Ж.Досқалиевтың айтуынша, қатерлі ісікке шалдығу көрсеткіші де төмендеп, әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 2002-жылы 197,3 жағдай тіркелсе, 2003-жылы 193,7 жағдай анықталды. Онкологиялық емдеу мекемелерінде 2003-жылы 28,8 мың адам тіркеуге алынды. Бұл дертке алғаш рет шалдыққандар саны 1,3 процентке кеміді. Министрдің айтуынша, қатерлі ісіктің 1-2 сатысында ауру белгісі анықталғандардың үлес салмағы 2002-жылы 32,3 процент болса, 2003-жылы 35,2 процентке дейін өскен.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігінің алдын-ала мәліметіне сәйкес, Қазақстанда жарақаттану және улану көрсеткіштері де төмендеп келеді. 2002-жылы бұл көрсеткіш әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 3976,6 жағдайды құраса, 2003-жылы 3856,3 жағдай тіркелген.
Сонымен бірге Қазақстанда тұрғындардың психиканы қоздырғыш заттарды тұтынуы салдарынан мінез-құлық және психикалық ауытқуларға шалдығу көрсеткіші артып отыр. Министрдің айтуынша, осындай дертке шалдығуға байланысты тіркеуге тұрғандар саны әрбір 100 мың адамға шаққанда 2003-жылы 425,3 болса, 2002-жылы 419,7 жағдай тіркелген. Аж жалпы психикадлық ауытқуға шалдыққан науқастар саны 100 мың тұрғынға шаққанда 2002-жылы 181 болса, 2003-жылы 176,3-ға дейін азайған.
Бұған қоса, Ұлттық регистр мәліметіне сәйкес, 2004-жылғы 1-ақпандағы жағдаймен еліміздегі қант диабетімен ауыратындар саны 110 606 адамды құраған. Соның ішінде аталмыш дерттің ең ауыр түріне шалдыққан 948 бала және 553 жасөспірім тіркелді. 13 756 адам (12,4 проценті) қант диабетіне байланысты мүгедектікке ұшыраса, олардың арасынан 1100 адам (7,9%) 1-топтағы мүгедектер, 9302 адам 2-топтағы (68,8%), 2038 адам 3-топтағы (15%) мүгедектер санатында.

Соңғы жаңалықтар