Қазақстанда туризм саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясат туралы бағдарлама қабылдау қажеттігі туындап отыр - ҚР туризм және спорт жөніндегі Агенттігі төрағасының орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда туризм саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясат туралы бағдарлама қабылдау қажеттігі туындап отыр - ҚР туризм және спорт жөніндегі Агенттігі төрағасының орынбасары

Қазақстанда туризм саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясат туралы бағдарлама қабылдау қажеттігі туындап отыр - ҚР туризм және спорт жөніндегі Агенттігі төрағасының орынбасары

"Қазақстанда туризм саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясат туралы бағдарлама қабылдау қажеттігі туындап отыр. Сондай-ақ, елімізде туризм инфрақұрылымын дамыту үшін туристік ұйымдарға ұзақ мерзімді несие беру және преференциялар жасау тетіктерін құру қажет". Бүгін, 27-тамызда Алматыда өткен "Туризмді дамыту - ұлтты жаңғырту" тақырыбындағы бас қосуда ҚР туризм және спорт жөніндегі Агенттігі төрағасының орынбасары Евгений Никитинский осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Тамыз 2004
  • 2229
Фото - Caravan.kz

«Біз туризм саласындағы мемлекеттік инвестициялық бағдарлама жобасын жасадық. ҚР индустрия және сауда министрлігінің инвестиция жөніндегі комитетіне туристік ұйымдар тарапынан жасалған жеті жобаны басымдық берілетін мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына қамту туралы ұсыныс енгізілмекші»,- деді Е.Никитинский.

Сондай-ақ, ҚР туризм және спорт жөніндегі Агенттігі төрағасы орынбасарының айтуынша, «Қазақстанда туристік бизнесті одан әрі дамыту үшін көлік инфрақұрылымы саласында авиапаркты жаңалау, халықаралық әуежайлар салу, жөндеу және жабдықтау, әуе жолымен жолаушы тасмылдау географиясын кеңейту, барлық көлік түрлері бойынша көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажет». «Биыл бізге теңіздегі круиздер үшін жолаушы тасымалдаушы лайнер сатып алу немесе жасату мәселесін шешу қажет. Бұл ұсыныс ҚР көлік және коммуникация министрлігінде алдын-ала келісілді»,- деді Е.Никитинский.
ҚР туризм және спорт жөніндегі Агенттігі төрағасы орынбасарының мәліметі бойынша, қазір Қазақстанда 759 туристік фирма, 303 туроператор тіркелген, олардың он жетісінің республика облыстарында филалдары бар.

Перейти к новостям спорта