Жарияланды: 380

Қазақстанда тұрмысы төмен отбасылардан 320 мың бала тіркелген

Қазақстанда тұрмысы төмен отбасылардан 320 мың бала тіркелген, деп БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) хабарлады.

«Қазақстанда тұрмысы төмен отбасылардан 320 мың бала тіркелген. Одан басқа 42 мың бала – жетімдер немесе қамқоршысыз, 18 мыңнан астам бала милиция есебінде тұр, 150 мыңдай бала денсаулығына байланысты ерекше қамқорлыққа мұқтаж», - делінген ЮНИСЕФ жұма күні өзінің сайтында орналастырған хабарда. Еске салсақ, республикада 2006-шы жылдан бері ҚР білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) балалардың құқығын қорғау комитеті жұмыс атқарады. БҒМ құзыреті аясында комитет балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асырады. ЮНИСЕФ қоры 1946-шы жылы құрылған, 191 елде өкілдігі бар. Қазақстанда ол қор 1992-ші жылы жұмыс істей бастады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін