Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz —ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының талаптарын орындау мақсатында барлық қазақстандық үшін тыныштық режимінің уақыты бекітілді: жұмыс күндері сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 23.00-ден 10.00-ге дейін тыныштық бұзуға тыйым салынады" , — деді депутат Зәуреш Аманжолова Мәжіліс отырысында.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда сағат 23.00-ден таңғы 6-ға дейін тыныштық бұзғандар жауапкершілікке тартылған болатын.