Жарияланды: 1500

Қазақстанда ҰБТ басталды

Қазақстанда ҰБТ басталды

Қазақстанда 1 маусымда ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды; мектеп түлектері 10 маусымға дейін тест тапсырады, деп мәлім етті Білім және ғылым вице-министрі Серік Ырсалиев.

«Республикада 1 маусымда ҰБТ басталып, 10-шы маусымға дейін жалғасады», - деп мәлім етті С. Ырсалиев сейсенбі күні «Хабар» телеарнасына. Оның ақпаратына сәйкес, 2011 жылғы ұлттық тестілеуге өзгерістер пәндер бойынша ғана енгізілді. «ҰБТ-да елеулі өзгерістер жоқ, кейбір пәндер бойынша тест тапсырмаларының спецификациясы өзгертілді. Физика, математика және химия пәндерінен жеңіл, орташа және қиын сұрақтардың арақатынасы бұрынғы деңгейде қалады», - деді ол телеарнаның студиясында. «Мектеп түлектері жақсы тапсыратын басқа пәндерге келетін болсақ, тест тапсырмаларының спецификациясы аздап өзгертілді. Бұрын 9 жеңіл, 10 орташа және 6 қиын сұрақ болса, биыл жеңіл сұрақтардың саны – 6 , 13 орташа және 6 аса қиын сұрақ енгізілді», - деді вице-министр. Осыған байланысты ол қазақстандық оқушылардың жауапкершілігіне қатысты тәртіп те күшейтілгенін де еске салды. «Өзгерістер (ҰБТ ережелеріне – ҚазТАГ) түлектерді ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығаруға қатысты ғана енгізілді. Биылға дейін түлекті шығару және оның нәтижелерін жою туралы шешімді мемлекеттік комиссия министрліктің өкілдерімен бірлесіп қабылдайтын. Енді ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті түлектер де көтереді», - деді ол. Бұған дейін хабарланғандай, 2012 жылы ҚР БҒМ ҰБТ процедурасына өзгерістер енгізуді көздеп отыр. Ұлттық тестілеу орталығында ҰБТ-ны екі бағытқа бөлу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Орта білім туралы аттестат алуға тестілеу мектептерде ғана өтеді. Ал ЖОО-ларға түсу үшін тестілеу ЖОО-ларда ғана өтеді. Еске сала кетейік, 2011 жылы Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына ҰБТ-ның қорытындысы немесе кешенді тестілеу бойынша 50 балдан жоғары балл жинағандар түсе алады, ал «жалпы медицина» мамандығы бойынша 55 балдан жоғары жинау керек. Ал салалық пән бойынша кем дегенде 7 балл, шығармашылық емтихан болса, 10 балл алу керек. Қалған пәндер бойынша 4-тен төмен болмауға тиіс. ҰБТ бес пән бойынша өткізіледі: қазақ тілі немесе орыс тілі (оқу тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілді мектептерде қазақ тілінен, қазақ тілді мектептерде орыс тілінен және таңдаған мамандығына байланысты бір пән. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны -25, ҰБТ-да барлығы 125 тест тапсырмасы бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть