Қазақстанда ультрабук шығарыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ультрабук шығарыла бастады

Қазақстанда ультрабук шығарыла бастады

 

  • 1 Желтоқсан 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

Петропавлдағы Киров зауытында ультрабук шығара бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Петропавлда ноутбук шығарылады. Киров атындағы зауыт жыл басынан қытайлық компаниямен келіссөз жүргізіп, гаджеттерді құрастыруды қолға алған болатын. Жазда жергілікті инженерлер аспан асты еліне тәжірибе жинақтауға барса, енді шетелдік мамандар Петропавлға келді. Қос тарап бірлесіп, алғашқы 50 бірдей сынамалық ультрабук құрастырды», — деп жазды Солтүстік Қазақстан облысының Муниципалдық телеарнасы Facebook-тегі парақшасында. Телеарна тілшісінің дерегінше, ультрабуктің салмағы 1,3 келіні құрайды. Гаджет оқушылар мен студенттердің жұмыс істеуі үшін барынша қолайлы болмақ. Ультрабукте жергілікті кәсіпорынның логотипі таңдаланып, өндірушісі ретінде Киров зауытының атауы көрсетілген.



 

 

Соңғы жаңалықтар