Қазақстанда Ұлттық геологиялық компания құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Ұлттық геологиялық компания құрылды

Қазақстанда Ұлттық геологиялық компания құрылды

Елімізде Ұлттық геологиялық компания ашылады. Бұл туралы бүгін Астанада басталған II Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі аясында журналистерге сұхбат берген «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдан Кәрібжанов мәлім етті.

  • 4 Шiлде 2011
  • 508
Фото - Caravan.kz

Таяуда елімізде тау-кен металлургиялық мәселелерімен айналысатын «Тау-кен Самұрық» компаниясының құрылғандығын еске салған А.Кәрібжанов: «Қазір болса, Ұлттық геологиялық компанияны құру жұмыстары аяқталуда. Алдағы уақытта біз осы екі компанияны отандық нарыққа жіберетін боламыз. Олар геологиялық барлаудан бастап, өндіріп-байытуға дейінгі барлық үдерістерді қамтитын болады», — дейді А.Кәрібжанов.

Төраға орынбасарының айтуынша, бүгінгі таңда Ұлттық геологиялық компанияны құру бойынша барлық құжаттар рәсімделіп, осы компанияның басшысы анықталды. «Жақын арада біз компанияның таныстырылымын жасаған кезде компания басшысының атын жариялайтын боламыз», — деп атап көрсетті ол.

Соңғы жаңалықтар