Қазақстанда Ұлттық студенттік кеңес құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Ұлттық студенттік кеңес құрылды

Қазақстанда Ұлттық студенттік кеңес құрылды

Қарашаның 18-19 жұлдызы аралығында Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде І Ұлттық студенттік Слет өтті. Іс-шара барысында тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігі жанындағы Ұлттық студенттік кеңес құрылды.

  • 20 Қараша 2012
  • 308
Фото - Caravan.kz

Оның құрамына студенттік ұйымдардың белсенділері мен республиканың жетекші жастар ұйымдарының өкілдері кірді. Жалпы шараға мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының мыңнан астам студенттері қатысты.

Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбеновтің айтуынша, кеңестің ең бірінші міндеті Қазақстанның Болон үдерісіне қосылу мәселесін жан-жақты зерделеп, студент жастардың белсенділгін арттыру болмақ.

«Ең бірінші, бізге осы жобаларды іске асыра алатын адамдар қажет. Сондықтан біз негізінен білімді жастарға көбірек арқа сүйеп отырмыз. Жастар ұйымдарының көшбасшыларын жақсы білеміз. Тіпті мен министрдің орынбасары қызметіне келмей тұрып-ақ солардың көбімен қоян-қолтық араласып, бірге көп жұмыстар атқарғанбыз», — деді журналистерге берген сұхбатында М. Әбенов.

«Менің ойымша, мемлекет пен осы ұйымның алға қойған мақсаттары тоқайласады. Біз бір межеге әр тараптан жақындайтын боламыз. Сонда ғана көптеген мәселелер үкіметтің де, қоғамдық ұйымдардың да назарынан тыс қалмайтын болады», — деп түсіндірді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар