Мәселен, Алматы облысының Капшағай қаласында «БМВ» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды, соның салдарынан 48 жастағы жолаушы оқиға орнында жан тапсырып, тағы төрт жолаушы, соның ішінде 10 жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Осындай апат Қарағанды облысында да болды. Қызылорда-Павлодар тас жолының 928-шақырымында «Мазда» автокөлігінің аударылып кетуі салдарынан жүргізуші мен жолаушы мерт болды.
Тағы бір жол апаты Қарағанды облысының Сарань қаласында болды. «КамАЗ» жүк көлігі «Форд» автокөлігімен соғысып қалды. Апат салдарынан «Форд» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында опат болса, екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті