Caravan Logo

Қазақстанда ұшақ билеттерінің құнын төмендету қажет - Ахметов

Қазақстанда ұшақ билеттерінің құнын төмендету қажет - Ахметов

"Азаматтық авиация саласының тұрақты дамуы адамдардың көбірек ұша бастағанын көрсетеді. Проблемалар әрине, бар. Соларды ретке келтіріп, тарифтерді , билет бағасын төмендетіп, жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын көтеру қажет", -деді министр.

Оның айтуынша, азаматтық авиацияның дамуы сенімді қарқында. "Жолаушылар ағынының өсімі 15 - 20% тең, ал жүк айналымының көлемі де ұлғая түсуде", -деді ол.

"Бізге бәсекелестікті дамыту қажет, ішкі рейстерді. Өңірлік әуе кемелерінің паркін жаңалау қажет, олар тарифтерді төмендетуге мүмкіндік береді", - деді С. Ахметов.