Қазақстанда үші күн бойында жол көлік тәртібін бұзуға қатысты 21 мың іс тіркелген, 2 мыңнан астам мас күйінде көлік жүргізгендер ұсталған - ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда үші күн бойында жол көлік тәртібін бұзуға қатысты 21 мың  іс тіркелген, 2 мыңнан астам мас күйінде көлік жүргізгендер ұсталған - ІІМ

Қазақстанда үші күн бойында жол көлік тәртібін бұзуға қатысты 21 мың іс тіркелген, 2 мыңнан астам мас күйінде көлік жүргізгендер ұсталған - ІІМ

АСТАНА. 23-қаңтар. Kazakhstan Today. Қаңтардың 18-і мен 20 аралығында Қазақстанның қалаларында "Қауіпсіз қала" атты шұғыл - алдын алу шарасы барысында 21,5 мың тәртіп бұзушылық тіркелген, 2055 мас жүргізушілер ұсталған,-деп агенттікке ҚР ІІМ жол полициясы комитетінен хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2007
  • 353
Фото - Caravan.kz

Хабарламада көрсетілгендей, шара аясында 52 мың автокөлік тексерілген. Тексеру нәтижесінде жол полицейлері көлікті жүргізуші куәлігінсіз айдаған 2710 фактіні тіркесе, жылдамдық режимін бұзуға қатысты 2800 дерек тіркелген. Сот шешімін орындаушылардың қатысуымен 655 ереже бұзушы жүргізуші куәліктерінен айрылған.

Сонымен қатар, рейд кезінде 283 қылмыс ашылған. Соның ішінде есірткі заттарының заңсыз айналымана қатысты 33 дерек, қаруды заңсыз алып жүру мен қолдануға қатысты 10 дерек тіркелген. Сонымен қатар 1181 көші-қон заңын бұзу оқиғалары тіркеліп, 681 шетелдік азамат қолға түскен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта