Қазақстанда үсік жүреді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда үсік жүреді

Қазақстанда үсік жүреді

Қазақстанның тоғыз облысында үсік жүруіне байланысты ескерту жарияланды.

  • 3 Мамыр 2020
  • 70
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

3 мамырда түнде Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстік-батыс, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде кей жерлерде тұман түседі. 4-5 мамырда түнде ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендейді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 3 мамырда түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

4 мамырда Ақтөбе облысында түнде ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендейді.

4-5 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-6 градусқа дейін төмендейді.

4 мамыр күні Павлодар облысында түнде кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы күндіз 7-12 градусқа дейін төмендейді. 5 мамырда түн 1-6 градусқа дейін суытады.

4 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр болатын жел соғады. Кей жерлерде қар, боран, тұман болжанды. Ауа температурасы түнде 1-6 градусқа дейін төмендейді.


Нұр-Сұлтанда 3 мамырда күн күркірейді. 4 мамырда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. 4-5 мамырда түнде ауа 1-3 градусқа дейін суиды.

3 мамырда Түркістан облысында түнде таулы аудандарда жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай соғып, дауыл көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар