Қазақстанда Ұялы телефон байланысы абоненттерінің саны 14 713 924 адамды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Ұялы телефон байланысы абоненттерінің саны 14 713 924 адамды құрады

Қазақстанда Ұялы телефон байланысы абоненттерінің саны 14 713 924 адамды құрады

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда Ұялы телефон байланысы абоненттерінің саны 14 713 924 адамды құрады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Төрағасы Қуанышбек Есекеев мекеменің алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2008
  • 449
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Қазақстан бойынша ұялы телефондық байланыстың орта тығыздығы 100 адамға шаққанда 95 нөмір, бұл көрсеткіш телекоммуникация саласын дамыту бағдарламасының 100 адамға шаққанда 50 нөмір шамасынан артық.

Байланыс операторларының есептері бойынша, Интернет желісі абоненттерінің саны 953 368 бірлікті құрайды, оның ішінде кең жолақты қол жеткізілімі — 472 872; Интернетке коммутацияланған қол жеткізу — 480 496.

«Телекоммуникация саласын дамыту бағдарламасымен 2008 жылдың аяғында Интернет пайдаланушылардың саны 100 адамға шаққанда 10 адам болу керек»,- деді агенттік төрағасы.

Телекоммуникация желісінің орнатылған сыйымдылығын сандық стандартқа көшіру деңгейі Республика бойынша 84,3 % құрайды, ол телекоммуникация саласын дамыту бағдарламасы бекіткен 80 %-дан асып түскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар