Мұндай чемпионат Қазақстанда алғаш рет өткізілмек, оның екі кезеңі болады, 21-26 мамыр күндері Астанада трек жарысы өтпек, 27 мамыр – 1 маусым күндері Қарағандыда шосседе жарыс болады. Оған азиялық аумақтың 29 елінен 204 спортшы қатысады.
Сейсенбіде Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдешев чемпионатқа әзірлік бойынша отырыс өткізді, онда атап өтілгендей, "Қарағанды-Арена" Мұз сарайында штабтың жұмысы ұйымдастырылған, ол қажетті техникамен және телефон байланысымен қамтамасыз етілген, делінген облыстық әкімшіліктен таралған ақпаратта.
Студенттік жастар есебінен волонтерлердің құрамы бекітілген, олар үшін арнайы киім тігілген.
Дене шынықтыру және спорт басқармасы чемпионатқа қатысушыларды орналастыру жөніндегі үйлестіруші болып тағайындалған. Облыс пен Қарағанды тұрғындары үшін чемпионат және оған қатысты шаралар туралы ақпарат дайындалып, ол бұқаралық ақпарат құралдарына таратылған.
