Е.Досаевтың айтуынша, Қазақстанда СПИД жұқтырған 365 адам тіркелген, 304 адам осы індеттен қайтыс болды. “Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, Қазақстан эпидемияның шоғырланған сатысында тұрған ел. Ол ВИЧ/СПИД төмен деңгейде таралған елдердің тобына жатады. Індеттің таралу көрсеткіші тұрғындардың 0,2 процентіне тең. Ал орташа көрсеткіш 1,1 процент болып табылады”,- деді Е.Досаев. Оның айтуынша, СПИД індетіне қарсы күрестің 2006-2010-жылдарға арналған салааралық бағдарламасының жобасы жасалған.
“ВИЧ дертін жұқтырған барлық екіқабат әйелдер мен олардан туған балаларды ақысыз арнаулы антивирустық емдеу мемлекеттік бюджеттің қаржысы есебінен қамтамасыз етіледі, ВИЧ/СПИД дертін жұқтырғандарды антивирустық емдеуге қамту көлемі жыл санап өсіп келеді, бұл мақсаттарға халықаралық донорлардың, соның ішінде СПИД-пен, құрт ауруымен және маляриямен күрес жөніндегі ғаламдық қордың 22,4 млн. доллар, Әлемдік банктің 27 млн. доллар көлеміндегі қаржысы пайдаланылуда”,- деді министр.