Қазақстанда ВИЧ/СПИД індетін жұқтырған 13 мың адам тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ВИЧ/СПИД індетін жұқтырған 13 мың адам тіркелді

Қазақстанда ВИЧ/СПИД індетін жұқтырған 13 мың адам тіркелді

2004-жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ВИЧ/СПИД індетін жұқтырған 13 мың адам тіркелді. Бұл туралы бүгін, 29-қарашада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында СПИД-пен күрес және оның алдын алу жөніндегі республикалық орталықтың бас директоры Исидора Ерасылова хабарлады.

  • 29 Қараша 2004
  • 1124
Фото - Caravan.kz

И.Ерасылованың айтуынша, өткен жылғымен салыстырғанда СПИД жұқтырғандар санының өсімі 20 процентті құрады. Қазіргі жағдаймен емдеуді қажет ететін адамдар саны 900-ге жетті.

БҰҰ-ның ВИЧ/СПИД жөніндегі өкілі Александр Косухиннің баспасөз мәслихатында хабарлауынша, бүгінде дүниежүзінде 40 млн. адам ВИЧ/СПИД-пен өмір сүріп отырса, 30 млн. адам індеттен өмірмен қош айтысты. «Эстония, Ресей және Украина елдерінде 15-49 жас аралығындағы тұрғындардың індет жұқтыру көрсеткіші 1 процентке жуықтады. Ал Қазақстан салыстырмалы түрде ВИЧ/СПИД аз таралған елдер санатында. Мұнда 15-49 жас аралығындағы тұрғындардың 0,2 проценті індет жұқтырған».
БҰҰ-ның шешімімен 1988-жылдан бері 1-желтоқсан дүниежүзінде Бүкіәлемдік СПИД-пен күрес күні деп жарияланған. Қазақстан бұл шараға жыл сайын атсылысып келеді. СПИД-пен ғаламдық күрес науқанының 2004-жылғы ұраны «Әйелдер, қыздар, ВИЧ және СПИД» деп аталады.
Орталық Азия аймағындағы Қоғамдық маркетинг саласындағы коммерциялық емес ұйым — Population Services International (PSI) өкілі Галина Лидің айтуынша, бұл жолғы науқан «індеттің жайлап алуына жыныстық теңсіздіктің қалай әсер ететінін паш ету» мақсатын көздейді. Зерттеу қорытындылары бойынша, жас әйелдер арасында ВИЧ жұқтыру ықтималдығы ер адамдармен салыстырғанда 2,5 есе артық.
СПИД індетімен күрес науқаны аясында 3-желтоқсанда Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттер сарайында жастар фестивалі өткізіледі.

Перейти к новостям спорта