Қазақстанда ядролық материалдарды ажырата білуші инструкторларды дайындау ісі қолға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ядролық материалдарды ажырата білуші инструкторларды дайындау ісі қолға алынды

Қазақстанда ядролық материалдарды ажырата білуші инструкторларды дайындау ісі қолға алынды

Бүгін, 23-мамырда Алматыда АҚШ энергетика министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның күш құрылымдарына арнап ядролық материалдарды ажырата білуші инструкторларды дайындауға арналған дәрістер басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне АҚШ энергетика министрлігінің сыртқы істер жөніндегі маманы Крис Уокер құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Мамыр 2005
  • 446
Фото - Caravan.kz

Дәрістердің мақсаты — оқып шыққаннан кейін кеден және шекара қызметкерлеріне арнап ядролық материалдардың экспортына бақылау қою әдістемелерін жобалаушы мамандар тобын әзірлеу болып табылады.

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің атом энергетикасы комитетінің төрағасы Тимур Жантикиннің айтуынша, ядролық қару өндірісі ауқымды инфрақұрылымды қажет етеді. Сондықтан халықты жаппай қырып-жоюға арналған қару-жарақты бақылау — оны өндіретін құрал-жабдықтарды бақылау арқылы жүзеге асырылады.
«Ядролық» тізімге ядролық қару өндіруде қолданылатын бірнеше ондаған өнім түрлері енеді. Олардың арасында түрлі насостар, ауыр су өндіруге арналған құрал-жабдықтар, өлшем құралдары, сирек кездесетін элементтер мен ядролық материалдар бар.
Ал атом энергетикасы комитетінің мәліметіне сәйкес, МАГАТЭ ядролық материалдар мен қос мақсатта қолданылатын материалдардың айналымына бақылау қою жүйесі қауіпсіздік талаптарына сәйкеседі деп мойындап отыр. Алайда, Қазақстанда жоғары деңгейде дамыған ядролық материалдар өндірісінің болуы оны бақылау жүйесін ұдайы жетілдіріп отыруды талап етеді.

Перейти к новостям спорта