Қазақстанда ыстық су мен суық су қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ыстық су мен суық су қымбаттады

Қазақстанда ыстық су мен суық су қымбаттады

Тамыз айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар суық судың текше метріне 74,3 теңге төлеген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,7 пайызға көп.

  • 13 Қыркүйек 2018
  • 60
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сарапшылардың зерттеуіне қарағанда, суық судың ең жоғары бағасы Атырау (113,5 теңге) мен Қарағандыда (110,3 теңге) тіркелген.

"Ыстық су бағасы да қымбаттады — бір жылда 6,1 пайызға қымбаттаған. Қазір ыстық судың текше метрі 235,2 теңгеге жетеді. Ең жоғары баға Алматы (текше метрі — 475,2 теңге) мен Қостанайда (текше метрі — 379,9 теңге) тіркелді", — делінген мамандардың зерттеуінде.

Сондай-ақ, қыркүйек айының соңында кәріз жүйесіне жұмсалған қаражаттың көбейгені айтылады. Бір жылда ол көрсеткіш 2,5 пайызға өсіп, қазір текше метріне 48 теңгеге жеткен.

Кәріз жүйесіне көп ақша төлейтін қалалардың тізімінде Қарағанды (текше метріне — 96,4 теңге) мен Қостанай (текше метріне — 80,4 теңге) көш бастап тұр.


Осылайша, сарапшылардың зерттеуіне сүйенсек, бір жылда суық су 6,5 пайызға, ыстық су 7,4 пайызға, ал кәріз жүйесі қызметі 13,2 пайызға қымбаттаған.

Соңғы жаңалықтар