Қазақстанда заңнамаға "санақ" жүргізу қажет - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда заңнамаға "санақ" жүргізу қажет - Назарбаев

Қазақстанда заңнамаға "санақ" жүргізу қажет - Назарбаев

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда заңнамаға "санақ" жүргізу қажет. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Қараша 2008
  • 380
Фото - Caravan.kz

«Экономика, мемлекеттік басқару, құқық қорғау қызметінің түрлі салаларын реттейтін заңнамаға терең «санақ жүргізу» қажет», — деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, «бүгінге дейін рұқсат беру жүйесі, бақылау-қадағалау қызметі мен мемлекеттік сатып алу салаларына қатысты заңнамалық актілерде «сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын ақтаңдақтар» көптеп қалып отыр». Президент атап өткендей, «заңнаманы іс жүзінде қолдану тәжірибесі олардың шағын және орта бизнесті дамытуға жасанды әкімшілік кедергі жасау мақсатыеда пайдаланылатынын көрсетіп отыр». «Осыған байланысты барлық заңдар мен заңға бағынышты актілерге жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізілуге тиіс», -деді президент.

«Прокуратура арнаулы заңның қабылдануын күтіп отырмай, қарсылық білдіру қажет, ал әділет органдары тіркеген кезде мемлекеттік органдар қабылдап жатқан барлық актілердің жемқорлыққа жол беру мүмкіндігін тексеріп шығуы керек», — деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар