Қазақстанда жала жапқандық үшін қылмыстық жауапкершілік алынып тасталуы ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жала жапқандық үшін қылмыстық жауапкершілік алынып тасталуы ықтимал

Қазақстанда жала жапқандық үшін қылмыстық жауапкершілік алынып тасталуы ықтимал

Халықаралық сарапшылар жала жабу сияқты қылмыстық істің түрін қылмыстандыру аясынан алып тастау керек деп айтуда, деп хабарлады экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік агенттік төрағасының орынбасары Андрей Лукин.

  • 15 Қараша 2013
  • 1392
Фото - Caravan.kz

"Мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Қазақстан 2008 жылы ратификациялаған БҰҰ конвенцияларының орындалу барысына мониторинг жүргізіп отырғандығын айттым", деді ол жұмада Астанада "Сыбайластыққа қарсы ықпал ету мен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері " атты конференция арасында.

Сонымен қатар, А.Лукин атап өткендей, Қазақстан барлық дерлік ұсыныстарды орындап шыққан.

"Сарапшылар тобы біз үшін конвенциялардан туындайтын 37 ұсыныс жасады.Оның бірі жала үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастау. Біз оны сыбайластыққа қарсы салалық бағдарламамызға енгіздік", деді ол.


А.Лукин атап өткендей, шешім қабылданған жағдайда, жала жапқандық үшін арыз берген азаматтардың абыройы азаматтық-құқықтық қатынастар тұрғысынан қорғалатын болады.