Жарияланды: 500

Қазақстанда жалақы бойынша қарыз 1 млрд теңгеден асып отыр

Қазақстанда жалақы бойынша қарыз 1 млрд теңгеден асып отыр

Қазақстанда жалақы бойынша қарыз 1 миллиард теңгеден асып кетті,

деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов ірі бизнестің "Сарапшы-100 Қазақстан" деп аталатын IV экономикалық форумында. "Бүгін ел ішінде жалақы бойынша қарыз 1 миллиард 137 миллион теңгеге жетті. Бұл 9 мың жұмысшыға қатысты жағдай", деді министр. "Демек, кем дегенде үш айы бойы жұмысшының жанұясы жалақы алмай отыр деген сөз", деді ол. Оның айтуынша, жалақыны уақытылы алмау және оның мөлшеріне риза болмау компаниялардағы еңбек келіспеушіліктерінің басты себептері болып табылады. "Қазақстанда бір жыл тоғыз ай ішінде 35 рет еңбек келіспеушілігі орын алды", деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін