Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,3%-ке дейін жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,3%-ке дейін жетті

Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,3%-ке дейін жетті

Жыл басынан бері жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,3%-ке дейін жетті.

  • 10 Қыркүйек 2019
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Биыл тамызда ел экономикасы орнықты серпінді сақтады. Сегіз ай ішінде ЖІӨ өсуі 4,3% дейін үдеді. Халықаралық рейтинг агенттіктері еліміздің кредиттік рейтингін инвестициялық тартымдылық деңгейінде растауына оң ықпал етті. Өсудің басты факторлары – инвестициялық белсенділік және нақты сектордағы өндірістің ұлғаюы", — деді министр үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, инвестицияның өсімі 10,7%-ті құрады. Ең жоғары инвестициялық өсім ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және өнеркәсіпте байқалды.

"Жылдық инфляция нысаналы дәліз шегінде сақталып, 5,5%-ті құрады", — деді ол.

Дәленов ЖІӨ-ді осы деңгейде (4,3%) сақтау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар келесі шараларды қаматамасыз етуі қажет екенін айтты.

Олар: негізгі капиталға салынған жаңа инвестицияларды тартуға жаңа серпін беру үшін нақты шаралар қабылдау; экономика салаларында қол жеткізілген қарқынды төмендетпеу; меморандум аясында бекітілген жалпы өңірлік өнімнің өсуін қамтамасыз ету; тұтынушы тауарларына, әсіресе күзгі-қысқы кезеңде жеміс-көкөніс тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу.

Оның сөзінше, өнеркәсіп өндірісі жыл басынан бері 3,2%-ке дейін өсті. Өсу қарқыны жағынан өңдеу өнеркәсібі кен өндіру өнеркәсібінен алда тұр.


"Көмір өндіру бойынша жағдай айтарлықтай жағымды емес. Осы жылғы қаңтар-тамызда өндіріс көлемінің қысқаруы жалғасты. Төмендеу 3,0%-ті құрады", — деді Дәленов.

"Ал құрылыс секторы тұрақты қарқынмен дамып келеді. Орындалған жұмыстардың көлемі 11,8%-ке өскен.
"Қаңтар-шілдеде сыртқы сауда айналымы 1,7%-ке, 53,8 миллиард долларға дейін ұлғайды. Экспорт көлемі 32,9 миллиард долларға жетті. Импорт 20,9 миллиард долларды құрады", — деді министр.

Соңғы жаңалықтар