«Барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жоғары қарқынды өсім сақталып отыр»,- деді Д.Ахметов.
Атап айтсақ, үкімет басшысы жария еткен мәлімет бойынша, өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 4,2%-ке өссе, соның ішінде машина жасау саласындағы өсім 15,7%-ті құрады. Негізгі капиталға салынан инвестиция ауқымы 1,4 есе өсті. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 45%-ке, халықтың жан басына шаққандағы кірісі 21,2%-ке өсті. Айлық орташа жалақы көлемі 16,3%-ке, тұрғындардың нақты кірісі 12,2%-ке, нақты жалақы көлемі 8,2%-ке көбейді.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті