Қазақстанда жанар-жағар майдың бағасын төмендету жөніндегі меморандум шарттарын жер қойнауын пайдаланушылар барлық позициялар бойынша орындады - Мыңбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жанар-жағар майдың бағасын төмендету жөніндегі меморандум шарттарын жер қойнауын пайдаланушылар барлық позициялар бойынша орындады - Мыңбаев

Қазақстанда жанар-жағар майдың бағасын төмендету жөніндегі меморандум шарттарын жер қойнауын пайдаланушылар барлық позициялар бойынша орындады - Мыңбаев

Астана. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Қазақстанда жанар-жағар майдың бағасын төмендету жөніндегі меморандум шарттарын жер қойнауын пайдаланушылар А-80 жанармайынан өзге барлық позициялар бойынша орындады. Дегенмен, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жанармайдың аталған маркасы бойынша жағдай бүгіннен бастап өзгереді деп күтуде. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қараша 2008
  • 522
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жанар-жағармай өндірушілермен ішкі нарықтағы бағаны төмендету туралы меморандумға қол қойды. Соның нәтижесінде Қазақстанда таяу уақытта жанар-жағар майдың бағасын төмендету көзделіп отыр. Бұл туралы 1 қарашада өткен үкімет отырысында Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, министрлік пен жер қойнауын пайдаланушылар арасында қол қойылған меморандум бойынша мұнай бағасының арзандауына байланысты ішкі нарықта жанар-жағар майдың бағасын айтарлықтай төмендету мәселесі қарастырылған. «А 80 маркалы 1 литр бензиннің республика бойынша ағымдағы орташа бағасы 84,5 теңге, біз оның бағасын 60 теңге болады деп келістік. АИ 92 және АИ 93 маркалы бензиннің 1 литрінің қазіргі бағасы 96,1 теңге, алдағы уақытта бұл 87 теңге болады. Ал, АИ 95 және АИ 96 маркалы бензиннің 1 литрінің бағасын ағымдағы 109 теңгеден 100 теңгеге төмендету көзделіп отыр», деді министр. Сондай-ақ қысқы дизельдік отынның 1 литрінің бағасы 118 теңгеден 94 теңгеге арзандайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар