Жарияланды: 350

Қазақстанда жанар-жағармайға белгіленген шектеулі баға өзгермейді

Жанар-жағармайға белгіленген шектеулі баға қаңтар айында өзгермейді. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы Марат Оспанов мәлім етті. «Қаңтар айында шектеулі баға өзгермейді. Мұнай және газ министрлігі әр айдың 15-інде мұнай бағасына қатысты ақпар береді. (...) Бүгін қаңтардың 14-і, бірақ баға өзгереді деген ақпар түскен жоқ. Сондықтан баға өзгермейді», - деді ол дүйсенбі күні өткен брифингте.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін