Қазақстанда жаңа 100 теңгеліктер пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жаңа 100 теңгеліктер пайда болды

Қазақстанда жаңа 100 теңгеліктер пайда болды

"Дала қазынасы" монеталар сериясынан "JETI QAZYNA" биколорлы
айналыстағы монеталары бірқатар өңірде айналымға енді. Олар кәдімгі айналыстағы монеталармен қатар пайдаланылады.

  • 20 Қараша 2020
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ұлттық банк мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарт агенттігіне сілтеме жасап.

Енді номиналы 100 теңгелік "JETI QAZYNA": "ER JIGIT", "SULÝ ÁIEL", "QUMAI TAZY", "AQYL BILIM", "BEREN MYLTYQ", "JÚIRIK AT", "QYRAN BÚRKIT" 7 монетасы заңды төлем құралы болып саналады және төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті – оларды тауар сатып алуға немесе көрсетілген қызметтерге төлеуге болады.

"Монеталардың өлшемі өзгеріссіз сақталғанын, сондықтан төлем терминалдары мен басқа да кассалық техниканы қосымша қайта теңшеуді қажет етпейтінін атап өткім келеді.

Егер кәсіпкерлер монеталарды қабылдаудан бас тартатын болса, онда


ҚР ӘҚБК 206-бабына сәйкес оларға ескерту жасалады. Бір жыл ішінде жағдай
қайталанса, 5 — 25 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген", — деді қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

Сөзінше, осыған ұқсас жағдайға кезіксеңіз, Ұлттық Банктің кез келген филиалына
шағымдануға болады. Бұған қоса, ол бейнежазба жасауды немесе монетаны
қабылдаудан бас тартқан жағдайда жазбаша негіздемесін талап етуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар